Ақтөбе қаласының бас спортшысы триатлоннан бірінші орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров әуесқойлар арасында триатлоннан үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлайды.
Демалыс күндері Ақтөбе қаласында триатлоннан жарыс өтті. Әуелі сенбі күні кәсіби спортшылар бақ сынады. Екінші күні әуесқойлар «Temiradam» кубогының V кезеңіне қатысты. Жарыста қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ол 35-39 жас санаты бойынша 1:12:20 уақытында мәреге бірінші боп келді.
«Триатлон – бұл адамның мінезі мен қайратын, ішкі дүниесін сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін ерекше спорт түрі. Әр адамның ішінде керемет күш жатыр. Бізде екі таңдау бар — өмір ағысымен жүзіп, ештеңе істемеу немесе жалқаулықты жеңіп, өзіңді жетілдіру, жеңіске жету. Триатлонның сізге ұнап қалатыны соншалық, ол өміріңізді күрт өзгертеді», - деді Евгений Гончаров өз парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Арыстағы жарылыс. Қарағандыдан гуманитарлық көмек жөнелтіледі
Өзгелердің жаңалығы