АҚШ-тың Азияға ракеталарын орналастырудан төнетін қауіп қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық сарапшылар "Астана клубының" жыл сайынғы V отырысында АҚШ-тың ракеталарын Азияға орналастыру жөніндегі бастамасына алаңдаушылық білдірді. 

АҚШ орта және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою шартынан шықты. Олар Қытаймен текетіресте одақтастарын қолдау үшін Азияда ракета орналастырғысы келеді. Мен ешқандай қауіпті текетіресті көріп тұрған жоқпын. Екіншіден, мені америкалықтардың жердің қай бетінде ракеталарды орналастырғысы келетіні қызықтырады. Себебі, АҚШ Оңтүстік Кореяда ракеталарға қарсы жүйесін орналастырған кезде Қытай Оңтүстік Кореяға деген наразылығын білдірді. Дүкендерді жауып, корей тауарларына бойкот жариялады. Қытайдың Азиядағы көршілеріне деген экономикалық тетігі едәуір зілді, салмақты, - деді ПИР-орталығының төрағасы Евгений Бужинский.


Халықаралық сарапшы АҚШ-тың ракеталарын Жапонияға орналастыру мүмкін екенін айтып, бұл Қытайға ғана емес Ресейге де қауіп төндіретінін жеткізді. Ал Еуропа елдерінің біріне орналастырса кезекті дағдарысқа алып келетінін хабарлады.

Еуропаға орналастырған жағдайда Кубадағыдай болмаса да, әйтеуір дағдарыс болады. Сол себепті америкалықтардың әлі өздерінде жоқ зымырандарды қайда орналастыратындарын көреміз, - деп айтты ПИР-орталығының төрағасы.
Словенияның экс-президенті Данило Тюрк жағдайды шешу үшін келіссөздер жүргізетін алаң қажет екенін атап өтті.



Сенім деңгейі төмендейді. Бұл шешуді қажет ететін іргелі саяси проблема. Біз бүгін геосаяси жағдайларды талқылап отырмыз. Сенімнің нашарлауын байқап отырмыз. Ракеталар ешқайда орналаспауы керек. Бұл дегеніміз – орналастырудан бас тарту. Екіншіден, осы жағдайды реттеу үшін бейресми процестерді бастау керек. Сенім деңгейі айтарлықтай төмендеп жатқанда қандай да бір келіссөздер жүргізу қажет. Мұны ұйымдастыруға болады. Бүгін біз Қазақстанда кездесіп жатырмыз. Процестерге бастама білдіруде Қазақстанның тәжірибесі мол, - деді Тюрк. 


 Ол Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту мен Сирия бойынша келіссөздер жүргізуге бағытталған Астана процесіне бастама білдіруін атап өтті.  

Ал Карнеги қорының вице-президенті Эвен Фейгенбаум бұл қауіпсіздік жарыстан гөрі экономикалық жарыс екенін, тіпті Қытай мен Америка қазір қандай да бір келіссөздерге келер болса да жиналған проблемаларды шеше алмайтынын жеткізді.



Сондай-ақ, халықаралық институттардың потенциалы төмендеп бара жатқаны туралы сарапшы пікірін осыған дейін жариялағанбыз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы