АҚШ-тың аналитикалық және қаржылық құрылымдары Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-қа ресми сапары аясында сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Құрама Штаттардың аналитикалық және қаржылық құрылымдары басшыларымен кездесулер өткізді.

Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, АҚШ-тың ірі "ой-талқы орталықтарының" бірі Карнеги қорының президенті Уильям Бёрнспен болған келіссөздерде тараптар әлем әлемдік саясаттың даму үрдістері, Қазақстан-американдық қатынастардың дамуының қазіргі жағдайы және олардың перспективалары туралы пікір алмасты.

Карнеги қоры 1910 жылы құрылған және халықаралық қатынастар саласындағы көне американдық сараптау-талдау орталығы. Оның негізгі міндеті әлем елдері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу.

 CITI Group Жаһандық банк бөлімшесінің басшысы Джеймс Миллетпен банк құрылымдарының Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

CITI ірі шетел инвесторлардың бірі және Қазақстандағы операциялық лицензиясы бар жалғыз көп ұлтты банк. Еліміздегі 26 жыл ішінде CITI халықаралық қаржы нарықтары арқылы елімізге инвестицияларды белсенді түрде тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы