АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бір ғана Флорида штатында 282 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 4 мыңнан астам науқас қайтыс болды, деп хабарлайды америкалық Джонс Хопкинс университеті.

Бұл вирус ошағы болған Қытайда дертке шалдыққандар санынан үш есе көп. Калифорнияда да науқастардың күрт көбейгені байқалып отыр. Вирустың таралуына тосқауыл қою үшін жергілікті билік карантин режимін күшейтті. Атап айтқанда, штатта мейрамхана, кинотеатр, музей және зообақтардың жұмысына шектеу қойылды. Сонымен қатар 30 округте шіркеулер, кеңселер, фитнес орталықтары және шаштараздар жабылды.

Отбасыңыздан басқа адамдармен араласуды тоқтата тұрыңыз. Бұл – қарапайым қағида. Алайда мұны да сақтамайтындар бар. Лос-Анджелес пен Сан-Диего мектептерінде жаңа оқу жылында сабақ онлайн режимде өтеді. Эпидемия бәсеңдегенше, қашықтан оқу форматын қолдануға тура келеді, - дейді Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы