АҚШ-та химия зауыты өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Хьюстон қаласы маңындағы химия зауытында бір күн ішінде екі жарылыс болды, деп хабарлады CNN.

Техас химия зауытында жарылыс түстен кейін болды. Ол жерде әлі де химикаттар жанып жатыр, - делінген хабарламада. 

TPC Group зауытында жергілікті уақытпен 01:00 шамасында жарылыс болған. Апат салдарынан үш адам жарақат алды. Порт-Нечес қалашығының инфрақұрылымына зақым келген. 

12 сағаттай уақыт өткен соң зауыт тағы да жарылған. Жергілікті билік 6,5 км шақырым радиусқа дейін эвакуация жасаған. Өйткені тағы да жарылыс болу қаупі бар. Комбинат басшылығы апат болған жерге жақын тұрған химикат резервуарларын сақтап қалуға күш салып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресуде. Апат себептері анықталуда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы