АҚШ-та электронды темекіден екі аптада 6 адам көз жұмған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та соңғы екі апта ішінде электронды темекіден 6 адам көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау департаменті хабарлап отыр, деп жазады 24.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, вейп өнімін тарту денсаулығында ақау бар азаматтардың жағдайын одан сайын нашарлатып жіберген.Өз кезегінде электронды шылымдарға зерттеу жүргізген мамандар олардың құрамында шамадан тыс Е дәрумені барын анықтады. Ол адам ағзасына пайдалы болғанымен, газ күйінде кері әсерін тигізеді екен.
Осыған байланысты жергілікті билік енді тұрғындарды темекінің зиянды әсерінен қорғамақ ниетте. Мәселен, Нью-Йорк губернаторы өз штатында электронды темекіге тыйым салатынын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда жаңа Оқушылар сарайы салынуда
Өзгелердің жаңалығы