АҚШ-та COVID-19 пандемиясымен күрес тобы жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның орнына Ақ үй ел экономикасын қалпына келтіру шараларымен айналысатын басқа топ құрмақ. Бұл туралы korrespondent.net сайты хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге қаңтар айының соңында COVID-19 пандемиясымен күресу жұмыстары мақсатында құрылған топ жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Оның орнына Ақ үй ел экономикасын қалпына келтіру шарларымен айналысатын басқа мекемеаралық топ құрмақ. Бұл туралы ел президенті 6 мамырда Аризона штатында жасаған мәлімдемесі кезінде айтты. 

Оның сөзінше, вице-президент Майк Пенс және оның әріптестері талай іс атқарды, алайда, дәл қазір  басқаша әрекет ету керек.
Бұл қауіпсіздік және қалпына келтіру формасы. Біз осы жұмыстар үшін басқа топ құрамыз, - деді Трамп.

Ол Ақ үйде коронавирустың таралуымен күрес жұмыстарымен айналысатын үйлестіруші Дебора Биркс және АҚШ-тың аллергиялық және инфекциялық аурулар ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи жаңа топтың құрамына ауысатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы