АҚШ-та бір күнде 2 мыңдай адам коронавирустан қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше соңғы тәулікте Америкада 2 мыңға жуық адам қауіпті індеттен мерт болған.

Сондай-ақ бір күнде 26 889 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Соңғы тәулікте 1997 адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмды. Елде өлгендердің жалпы саны 40,6 мыңды құрады. Сонымен қатар, 759 мың адам коронвирус жұқтырған, оның 70 мыңдайы жазылып шықты, - делінген университет таратқан мәліметте.
Өткен күні 1800 адамның осы індеттен өліп, жаңадан жұқтырғандар саны 34 мың болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы