АҚШ сенаты Трамптың импичментін ақтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ сенаты импичмент процесіндегі екі пункт бойынша президент Дональд Трампты ақтап шықты. Осылайша, Ақ үй басшысы жауапқа тартылмайды және биліктен шеттетілмейді.

Сенаторлар Трампты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланбады және конгреске кедергі келтірмеді деп шешті. Осымен импичмент процесі аяқталды.

Президентті биліктен алыстату үшін сенаторлардың үштен екі бөлігінің дауысы керек. Сенаттағы республикалықтардың көпшілігі Трампқа импичмент жариялауды ойламаған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамптың импичменті бойынша шешуші дауыс беру бес күн кейінге шегерілгені туралы осыған дейін жазғанбыз. Дональд Трамптың импичментіндегі баптарға қатысты дауыс берудің соңғы кезеңі өткізілетіні туралы да хабарладық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы