АҚШ Малайзиядан пальма майын тасымалдауға тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттары малайзиялық компанияның пальма майын және одан өндірілетін тауарларын тасымалдауға тыйым салды, деп хабарлайды 24.kz.
Өйткені FGV компаниясы еңбек саласындағы бірқатар заңдарды бұзып келген. Атап айтсақ, физикалық тұрғыда зорлық-зомбылыққа жол беріп, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды еңбекке тартқан.
Қазір бұл іске қатысты халықаралық тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Малайзия мен Индонезия әлем бойынша пальма майының 85 пайызын өндіретін елдер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 91 адам коронавирустан емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы