АҚШ Иран СІМ басшысына виза бермеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранның сыртқы саясат ведомствосының басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуға дайындалған.

АҚШ Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифке виза бермей қойды. СІМ басшысы Нью-Йоркте 9 қаңтарда өтетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу керек болатын. Бұл туралы атын жасырып қалған америкалық шенеунікке сілтеме жасап Reuters хабарлады. 

Мұндай шешім АҚШ пен Иран арасындағы қысымның ұлғаюынан және ирандық генерал Касем Сулейманидің өліменен кейін болып отыр.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео АҚШ президенті Дональд Трампты операция жасау үшін келісім беруге көндіргендігі туралы хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы