АҚШ COVID-19 вакцинасының бағасын белгіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтонның коронавирусқа қарсы вакцинаның 100 млн дозасын жеткізу туралы келісімі аясында ел билігі бір дозаның құнын есептеп шығарды.
АҚШ Үкіметі коронавирустың бір екпесінің бағасын 19,5 доллар деңгейінде белгіледі, бірақ қажетті мөлшер - екі доза. Бұл туралы 23 шілде күні Reuters агенттігі хабарлады.Препараттың құны штаттардың германиялық BioNTtech және америкалық Pfizer компаниясымен жасалған коронавирусқа қарсы 1,95 млрд долларға BNT162 вакцинасының 100 млн дозасын жеткізу туралы келісімшарты негізінде белгіленіп отыр. Бұл АҚШ-тың вакцинаны жеткізу туралы алғашқы келісімі, онда өнім бірлігінің бағасы көрсетілген.
Тұмауға қарсы вакцинаның орташа бағасы 40 долларға жуық. Бұл (COVID-19 вакцинасының бағасы) - салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Ақылға қонымды баға, - деді коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы Питер Питтс.
Айта кету керек, вакцина тиімді және қауіпсіз болған жағдайда ғана препаратқа төлем алынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ДДСҰ COVID-19 жұғатын "негізгі нүктелерді" атады
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы