АҚШ қазақстандық медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдарын жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ қазақстандық медицина қызметкерлеріне қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, "СҚ-Фармация" ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті тапсыру іс-шарасына қатысты.АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік кіреді, - делінген хабарламада."СҚ-Фармация" ЖШС COVID-19 коронавирус індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус жұқтырған тағы 23 адам тіркелді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы