АҚШ Ауғанстаннан әскерлерін шығармақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттары жақын арада Ауғанстаннан шығуды жоспарлап отыр. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп растады, деп хабарлайды ТАСС.

Біз Ауғанстаннан жақын арада кетеміз, – деді Америка басшысы Ақ үйде өткен іс-шарада. 

Өткен бейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Вашингтон келесі жылдың мамыр айында "Талибан" радикалды қозғалысымен (ҚР тыйым салынған) жасалған бейбітшілік келісімінің аясында Ауғанстаннан әскерлерін шығарып тастауға ниетті екенін мәлімдеді.

29 ақпанда Доха қаласында АҚШ пен "Талибан" бейбіт келісімге қол қойды. Келісімдерге сәйкес, АҚШ, оның одақтастары мен коалициясы Ауғанстаннан 14 ай ішінде барлық әскерлерді шығаруға ниетті. Тәлібтер, өз кезегінде, олар Ауғанстан аумағын АҚШ пен оның одақтастарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер үшін пайдаланбайтынына кепілдік береді.

Атысты тоқтату туралы ауғанаралық келіссөздер басталғанға дейін сенімді нығайту шаралары ретінде қозғалыстың 5000 жақтаушысы мен тәлібтер ұстаған 1000 адамға дейін босатылуы керек.

АҚШ-тың Ауғанстандағы операциясы 2001 жылдың қазан айынан бері жалғасып келеді және Америка тарихындағы ең созылмалы шетелдік әскери науқанға айналды. Оның 2010-2013 жылдары ең көп мөлшері Ауғанстандағы батыс күштерінің саны 150 мың адамнан асқан. АҚШ пен НАТО-ның негізгі әскери күштері Ауғанстаннан 2014 жылы шығарылды. Қазіргі уақытта Ауғанстандағы американдық әскерлердің саны 8,6 мың.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы