АҚШ ғалымдары: COVID-19 тағы өршуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Гарвард университетінің ғалымдары компьютерлік үлгілеу арқылы COVID-19 инфекциясының алдағы 5 жылда қайта өршу мүмкіндігіне талдау жасады. Зерттеу нәтижесін Science журналы жариялады, деп жазады Massaget.kz.
Ғалымдардың айтуынша, жаңа коронавирусты уақытша карантинмен жеңу мүмкін емес. Коронавирус айналып тағы бас көтеруі мүмкін.Кейбір мамандардың болжамы бойынша, қазір АҚШ-та COVID-19 инфекциясы тарау шегіне жетті, сондықтан шектеу шараларын жеңілдетуге болады. Алайда Гарвард университетіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының тарау моделін құрастырып, инфекция тағы да өршуі мүмкін деген болжамға келді.
Модельдеу нәтижесі көрсеткендей, адамзатқа жұққан басқа коронавирустар сияқты COVID-19 инфекциясы да қыс кезінде қайта шығып, қайта тарауы мүмкін. Оның үстіне, коронавирус қыста жылдам тарайды.
Авторлардың айтуынша, өкінішке орай әзірше адамзаттың иммунитеті бұл індетке қаншалықты қарсы тұра алатындығы белгісіз. Алайда коронавирустың алдын алу үшін әрі ауруханаларды індетке дайындау үшін тағы бір рет карантин режимін енгізу қажет.
Бір реттік карантин SARS-CoV-2 инфекциясын тоқтата алмайды, – дейді зерттеу авторы Стивен Кисслер (Stephen Kissler).Зерттеушілер келесі карантинді енгізу мерзімін азаматтарға көбірек вирустық тестілеу жасау арқылы анықтауға болады. Вакцина табылып, коронавирусты емдеуге арнайы дәрі-дәрмек жасалған кезде, шектеу шараларын алып тастауға болар еді. Алайда қазіргі жағдайда SARS-CoV-2 инфекциясын тоқтатудың жалғыз амалы әлеуметтік оқшаулау ғана.
Ғалымдардың айтуынша, әлеуметтік изоляцияны күшейтіп жіберуге де болмайды. Өйткені адамзаттың коронавирусқа қарсы жеткілікті иммунитеті қалыптаспай қалуы мүмкін.
Вирус жылдам тарайтын уақытта оқшауланып, азайған кезінде карантин шараларын жеңілдетуге болады. Бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік береді, – дейді зерттеушінің бірі Марк Липсич (Marc Lipsitch).Ғалымдар бұл зерттеуді қолда бар мәліметтермен жасады. Әзірше коронавируспен ауырған адамның иммунитеті қаншалықты мықты болатыны жайлы деректер жоқ. Ал нақты зерттеу жасау үшін көп тестілеу жасау қажет. Әдетте, адамның коронавирус тектес вирустарға қарсы иммунитеті бір жылға дейін сақталады. Бұған 2003 жылы болған атипті пневмония мысал бола алады.
Сонымен зерттеу "жаңа коронавирус адамзатты біраз уақыт әуреге салуы мүмкін" деген басты тұжырымға келді. Ал коронавирусты жеңу үшін адамзаттың қуатты иммунитеті қалыптасуы керек. Оған біршама уақыт кетері сөзсіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада коронавирустан 2 адам емделіп шықты
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы