Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Жанат Мұратұлы 1979 жылы 17 сәуірде дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, заңгер-халықаралық саясат білгірі мамандығы бойынша бітірген.
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің бас маманы.
2002 – 2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, аға сарапшысы. 2004 – 2005 жылдар аралығында «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі.
2008 – 2010 жылдар аралығында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары.
2010 – 2014 жылдар аралығында Мемлекеттік инспектор, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. ҚР Тұтынушыларды қорғау агенттігінің жауапты хатшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Отан» орталық аппаратының басшысы лауазымын атқарған.
2016 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалған.
«Кұрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.