Ақордаға Швейцария президенті келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақордаға Швейцария Конфедерация президенті – қаржы министрі Ули Маурер келді.
Швейцария үкімет мүшелері мен президентін Ақорда ішінде қызыл кілем мен президент оркестрі қарсы алды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен арнайы күтіп алып, еліміздің үкімет мүшелерін таныстырды.
Қазір Ақордада кеңейтілген және кіші форматта екіжақты саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық бағыттарда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ули Маурер баспасөз алдында бірлескен мәлімдеме жасайды.
Сонымен қатар, Ули Маурер Қазақстан үкімет мүшелері, бизнес өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Швейцария президенті Ули Маурер 21 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келді.
Айта кетсек, Швейцарияда президент статусы біздің президенттік статустан өзгеше. Швейцарияда президент - мемлекет басшысы емес, мемлекетті 7 адамнан құралған федералды кеңес басқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда ДАИШ ұйымына шақырған ер адам ұсталды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы