Ақмола және Түркісан облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазгидромет РМК хабарлады.
2 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында түнде және таңертен 2 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында 2 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.
2 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Шымкент қаласында 2 тамызда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан қаласында 2 тамызда күндіз кей уақытта шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.