Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жасалды, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, 22 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 22 тамызда таңертең және күндіз тұман күтіледі.

22-23 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр болжамына байланысты кей жерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы