Ақмола облысының Зеренді ауданына әкім тағайындалды
Аcтана, BAQ.KZ. Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Зерендi ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің сайты хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен және аудандық мәслихаттың келiсiмiмен Берiкжан Нұртайұлы Әбутәлiпов аудан әкiмi болып тағайындалды.
Берiкжан Әбутәлiпов 1962 жылы Көкшетау облысында туған. Қарағанды мемлекеттiк университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 1987 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасы агроөнеркәсiп кешенiн қаржыландыру бөлiмiнiң бас маманы болып бастады.
1994-1997 жылдары Көкшетау аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi, 1997-2009 жылдары Зерендi ауданы экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң бастығы, 2009-2011 жылдары Зерендi ауданы «РМК «Ақ-қайың» акционерлiк қоғамының директоры, 2011-2013 жылдары Зерендi ауданы экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы қызметiн атқарды.
Осы тағайындауға дейiн Целиноград ауданы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi.