Ақмола облысында жол бойында полицияның 52 бекеті жұмыс істеп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы тәулікте Ақмола облысы аумағында ауа райының қолайсыздығы сақталады. Осыған байланысты жол-көлік оқиғасының алдын алу және төтенше жағдайларды ескерту үшін полицияның 52 бекеті ашылды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарлады.

 ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқановтың айтуынша, ақпанның 7-9 күндері өңірде ауа райы күрт бұзылатыны ескертілді. Осыған байланысты ПД жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Өңірдегі республикалық және облыстық маңыздағы күре жолдардың бойындағы елді мекендерден шыға берісте жол-көлік оқиғасының алдын алу және төтенше жағдайларды ескерту үшін полицияның 52 бекеті орналастырылды, - дейді ведомство хабарламасында.

 Ауа райының күрт бұзылуы және қардың қалың түсуіне байланысты «Нұр-Сұлтан-Петропавл», «Көкшетау-Атбасар», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідертті», «Щучье-Зеренді», «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» және «Нұр-Сұлтан-Қостанай облысы шекарасына дейін барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы