Ақмола облысында 2 тоннадан астам бензинді құжатсыз сақтаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері ілеспе жүк құжаты жоқ, мөлшері 2 294 литр АИ -95 маркалы бензинді сақтау фактісін анықтады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, жалпы сомасы 396 862 теңге кұжатсыз  бензин Алматы–Екатеринбург тас жолына жақын орналасқан Арайлы ауылындағы жанармай құю станциясында анықталды.

Аталған факті бойынша әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.Анықталған мұнай өнімдері жауапты сақтауға қойылды.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-б. 5-т. 2-тармақшасына сәйкес, мұнай өнімдерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы үшін жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын мұнай өнімдері тәркіленеді»,- делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы