Ақмола облысындағы орталық инфекциялық аурухана уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге арналған орталық инфекциялық аурухана уақытша жабылады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Себебі: ем қабылдап жатқан 17 науқас дертінен айықты, бүгін-ертең үйлеріне қайтады. Содан кейін нысанды қысқы жылу маусымына дайындайды. Әрі толық дезинфекция жасалады.

Айта кетейік, аталған аурухана наурыз айында облыстық туберкулезге қарсы орталық жанынан ашылған. Алғашқыда 35 орынға ғана лайықталса, кейіннен 250 орынға дейін көбейтілді. Мұнда бүгінге дейін 600-ден астам адам емделіп шықты. Ал қазір аймақтағы басқа ауруханаларда қауіпті індетке шалдыққан 260 адам ем алып жатыр. Олардың қатары да күн санап азайып келеді дейді мамандар. 

Соңғы 5-6 күннің ішінде науқас түскен жоқ. Қазір соңғы науқастарды жұма күні шығарып, содан кейін бұл бөлімшені қысқа дайындық үшін уақытша жабайық деп жатырмыз. Ол он шақты күнге жабылуы мүмкін, - деді облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Жазира Нысанбекова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы