Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустан екі адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы Целиноград ауданы Аққайын ауылындағы қарттар үйінде 34 адам коронавирусты жұқтырып, екі адам қайтыс болған.
Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 9 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 56 адамда коронавирус індеті тіркелген.Бүгінгі күні 13 жағдай анықталған, оның ішінде 99 жастағы қарт адам да бар. Барлық 13 адам арнаулы әлеуметтік орталықта, яғни, қарттар үйінде тіркелген. Бұған дейін орталықтың барлық қызметкерлері мен қонақтарынан талдау алынған. Барлығы 216 байланысқа түскен адам анықталды.
Осы ошақтан 34 адамның COVID-19 оң нәтижесі расталды. Оның ішінде 1963 жылы туған орталық қызметкері де бар. Сонымен қатар, барлық жұқтырушылар 2 сәуірде коронавирустан қайтыс болған 1947 жылы туған ер адаммен жақын байланыста болған, - деп хабарлайды Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі таңда облыстық стационарда 371 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде провизорлық стационарда – 97адам, карантинде – 234 адам, инфекциялық орталықта – 40 адам емделуде. Сонымен қатар, үй карантинінде - 792 адам жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында бруцеллез ауруы едәуір азайған
Өзгелердің жаңалығы