Ақмола облысында шыршаларды заңсыз кесу бойынша тергеу амалдары басталды

Астана, baq.kz. Өткен жылы облыс бойынша шыршаларды заңсыз кескен 50 жағдай тіркелген. Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Ақмола облысында 22 шыршаны заңсыз кесу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өткен жылы браконьерлер 800 мың теңге көлемінде зиян келтірген. Аталған жағдайлар бойынша материалдар ішкі істер органдарына тапсырылды.

«2018 жылы жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кескен 2 жағдай тіркелді. 22 шырша заңсыз кесіліп, 793 650 теңге зиян келген. Профилактикалық мақсатта 85 мобильдік топ пен 39 стационарлық бекеттер жұмыс істеуде», - дейді Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы Арман Тұрымбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы