Ақмола облысында мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер тікелей эфирде талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында тұрғын үй қатынастары саласындағы өзекті мәселелер және шағымдарды қарау нәтижелері талқыланды.

«Мемлекеттік қызметтер саласын цифрландыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдау мақсатындағы ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы алғаш рет instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде өткізілді»,-делінген таратылған ақпаратта.

Ведомствоның мәліметінше, азаматтар тікелей эфирге «online» режимде қосылып, консультативтік-кеңестік органның ішкі жұмысымен танысты. Сонымен қатар, іс-шарада мемлекеттік қызметтерге қатысты ең өзекті мәселелер талқыға салынды.

Департаменттің жоспардан тыс тексерісінің нәтижесінде Ерейментау ауданының тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйді жекешелендіруден негізсіз бас тартқаны анықталған. Жұмыс тобының мүшелері осындай жағдайларға жол берілмеуі қажет екендігі туралы бірауыздан пікір айтып, сондай-ақ нақты орындау мерзімдері белгіленген ұсынымдар енгізді.     

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы