Ақмола облысында 500-ден астам дәрігер үстемақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында 529 дәрігер үстемеақы алды. Тәуекелдің бірінші тобына облыстық туберкулезге қарсы диспансердің 44 қызметкері енді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқамасы.

Ведомствоның мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлердің наурыз айында жұмыс уақытының есептеу табелі және хаттама бойынша нақты атқарған уақыты үшін үстемеақының мөлшерін шығарды. Тәуекелдің бірінші тобына COVID-19 пандемиясымен екі аптадан астам уақыт күресіп жатқан Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансердің 44 қызметкері енді.

Облыстағы 10 медициналық мекеме провизорлы стационар болып жасақталды. Ондағы 237 қызметкер екінші санат бойынша үстемеақы алады. Ал, карантиндік керует қойылған 8 медициналық ұйымдағы қызметкерлер үшінші топқа еніп отыр. Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Марина Осипова 2020 жылдың 14-ші наурызынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуде.
Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген 500 мың теңге шамасында үстемеақы алдым. Бұдан бөлек, облыс басшылығы тарапынан 150 мың теңге сомасында сыйақы берілді. Әріптестеріміздің көбі бір айға жуық уақыт жақын туыстарын көрмесе де, өздерінің кәсіби қызметін басты міндет санап отыр, - дейді Марина Осипова.

Ал, провизорлық станционардың санитары Гүмира Темірғалиева болса, 300 мың теңгеден астам үстемеақының есепшотына аударылғаны туралы смс хабарлама алғанын айтып қуануда.
Біздің еңбегіміз шынайы бағаланып отырғанына қуаныштымыз. Сыйақыны ең бірінші туысқандарымның игілігі үшін жұмсаймын, -дейді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы