Ақмола облысында 40 отбасыға пәтер кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Бұланды ауданындағы 40 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Ақмола облыстық Ішкі саясат департаментінің аймақтық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудан орталығы Макинск қаласынада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 40 пәтерлік жаңа үйдегі пәтер кілттерін Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов салтанатты түрде қоныс иелеріне табыстады.
Талғат Аманбайұлы пәтер иелерін өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, қоныстанушылардың әрбіріне бақыт пен амандық тіледі.
Пәтер халықтың әртүрлі санаттағы өкілдеріне берілді. 20 бір бөлмелі, 12 екі бөлмелі және 8 үш бөлмелі пәтер кілттері бірінші кезекте әлеуметтік осал топтардың азаматтары, 29 жасқа дейінгі жетім балалар және көп балалы отбасыларға табысталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бес жасында 550 кг ет беретін «Барон»
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы