Ақмола облысынан 22 көне ескерткіш табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оларды археологтар Атбасар ауданының аумағынан кезекті іздестіру жұмыстары барысында анықтаған деп хабарлайды «Хабар 24». 

Көне заман белгілерінің көбі ежелгі темір дәуіріне тиесілі дейді мамандар. Оларға қарап сол кездегі адамдардың Атбасар жерінде мал шаруашылығымен айналысқанын білуге болады. Сонымен, Атбасар ауданындағы археологиялық ескерткіштердің саны 130-дан асты. Бірақ олардың біразы Жабай өзеніне жақын орналасқандықтан су шайып кету қаупі бар. Тіпті, су басып жатқандары да бар. Сондықтан келер жылы бұл қорымдарды құтқару жұмыстары жоспарланған. 

Айта кету керек, жалпы Ақмола облысында 1 мыңнан астам тарихи ескерткіш бар.   

Нашар ескерткіштер бар. Қола дәуіріне жататын, ерте темір дәуіріне жататын. Өйткені олар мал жайылымы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, сол қорымның үстінен дала жолы өтеді. Енді көбінесе антропологиялық әсерінен ғой. Бұзылу қаупі төніп тұр. Ал жаңа біз археологиялық барлау нәтижесінде анықтаған 22 ескерткіштің жағдайы жаман емес, - дейді археолог Рауан Ержанов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы