Ағаштарды заңсыз кесуге рұқсат берген шенеуніктің үстінен іс қозғалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қызметкері жемқорлық бойынша айыпталуда. Бұл туралы Алматы қала бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметінше, Жасыл экономика басқармасының бас маманы үстінен пара алып, ағаштарды заңсыз кесуге рұқсат берді деген күдікпен іс қозғалған.Ол қаладағы жасыл қорды заңсыз кесуге рұқсат берген. Күдікті өз кінәсін толық мойындағандықтан, ол қамауға алынбады, - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінә дәрежесін сот анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тарихтағы екінші қазақстандық. Жалғас Жұмағұлов UFC-ге өтті
Өзгелердің жаңалығы