ШҚО-ның Марқа көліне апаратын автожолға асфальт төселеді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Шығыс өңірінің шекаралық аймақтарына апаратын бірқатар тасжолдар жөнделеді.
2020 жылы Шығыс Қазақстанға келетін туристер саны артуы мүмкін. Осы себепті облыстың бірқатар аудандарындағы автомобиль жолдары жөнделіп, қалпына келтіріледі.
Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділовтың айтуынша, олардың қатарына "Октябрь өткелі-Алтай қаласы-Ново-Поляковка", "Өскемен-Самар", "Шемонаиха-Большая Речка", "Шемонаиха-Усть-Таловка" бағытындағы тасжолдар кіретін көрінеді.
Бұдан бөлек, облыстың шекаралық аймақтарындағы жолдар да қалпына келтіріледі. Атап айтсақ, биылғы жылы Күршім ауданына қарасты Марқакөл ауылынан Марқа көліне апаратын жолға асфальт төсеу жұмыстары басталады. Жалпы ұзындығы 58 шақырымдық жолдың биыл 33 шақырымы асфальтталатын болады. Аталмыш жобаға бюджеттен 1 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сонымен қатар үстіміздегі жылы Үлкен Нарын және Күршім ауылдарының арасын жалғайтын жолдың жөндеу жұмыстары жалғасады, - деді Нұржан Сайлаубекұлы.Сонымен қатар Катонқарағай ауданының Солдатово және Көктерек ауылдарындағы, Аягөз ауданының Ойшілік ауылының кіреберіс жолдары қайта жөнделеді. Туристік аймақтарға апаратын "Қарағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата", "Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу", "Омбы-Майқапшаға-Шілікті-Ақжар" автожолдары қайта қалпына келтіріледі.
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында облыс аудандарындағы елді мекендер ішіндегі көшелер де жөнделеді. Аталмыш жоба аясында биыл жалпы көлемі 83 шақырым көшені қалпына келтіруді ойластырып отырмыз, - деп қосты басқарма басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған
Өзгелердің жаңалығы