Бас прокурор: Қазақстанда қылмыс деңгейі төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Бас прокурор Қазақстан президентіне қадағалаушы орган жұмыстарының қорытындылары, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндады. Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанда қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
Президентке азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау шаралары, сондай-ақ, қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері және қылмыстық процеске цифрлық технологияны енгізу туралы мәлімет берілді, - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам өміріндегі барлық сала бойынша заң үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев қырғыз режиссерінің қаза болуына байланысты көңіл айтты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы