Қостанайда дүкенге шабуыл жасаған екі адам ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері дүкенге бұзақылық шабуыл жасаған екі күдіктінің кім екенін анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі alau.kz басылымына хабарлады.

Полиция деректеріне қарағанда, 8 қаңтар күні түнгі сағат екіге қарай Қостанайдың Полиция басқармасына пульттегі күзет қызметкерінен дүкенге белгісіз екі адамның шабуыл жасағаны туралы хабарлама келеді.

«Дүкенге екі адам медициналық бетпердемен кірген. Содан кейін олардың біреуі сатушының мойнынан ұстап, қауіпті қарумен қорқытқан. Сатушы айғайлай бастайды. Айғайдан кейін дүкеннің қоймасы жағынан дүкен иесі атып шығады да, дабыл түймесін басып үлгереді. Нәтижесінде екі шабуылшы қашып кеткен», - деп хабарлады Полиция қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы