Қазақстанның екі облысында 43 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Петропавл қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі деп болжануда. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады деп болжанып отыр. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, желдің екпіні 18 м/с жетеді.
6 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. 6-7 тамызда күндіз кей жерлерде 41-43 градус қатты ыстық болады. Түркістан қаласында 6-7 тамызда күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады.
Ертең күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен шаңды дауыл көтерілмек, желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 42°С қатты ыстық болады деп болжануда.
6-8 тамызда күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды боран, солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 36-41°С қатты ыстық болады.
Тараз қаласында 6-8 тамызда күндіз термометр бағанасы 38-40°С дейін көтеріледі. 6 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде батыстан соғатын желдің
күші 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде найзағай болады. 06 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай болып, шаңды дауыл тұрып, солтүстіктен, солтүтік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақтау қаласында 6 тамызда түнде шаңды дауыл тұрып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.