Қазақстандықтар мінген автобус Ыстықкөлде апатқа ұшырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтар мінген автобус Қырғызстанда апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР СІМ Telegram каналы хабарлады.
Кеше кешке қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады. Ешкім жарақат алмады.«11 тамызда сағат 22.00-ден кейін Ыстықкөл облысындағы (Қырғызстан) Тамчы ауылында жеңіл көлік жолдың қарсы жағына шығып кетіп, жолаушылар тасымалдайтын автобуспен соқтығысқан. Соқтығыстан автобус жолдың шетіне шығып кетті. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, жолаушылардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары. Жолаушылардың ешқайсысы жарақат алмады, ешкім медициналық көмекке жүгінбеді. Барлық жолаушылар жоспарлаған жеріне басқа автобуспен жеткізілді», - делінген СІМ таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент әкімінің орынбасары тағайындалды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы