Қарт адамдарды қолдаудың ұлттық жоспары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алпыс бес жастан асқан ерлер мен әйелдерді қоғамдық өмірге тартудың бір нұсқасы - тәлімгерлік немесе халықтық педагогика, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Азаматтық қоғам өкілдері Нұр-Сұлтанда қарт адамдарды қолдау үшін қабылданатын шараларды талқылады. «Ардагер» ҚБ басшысы Баян Ахметжанованың айтуынша, бұл мәселе әлдеқашаннан бері көтерілуі тиіс тақырып.

Біз төтенше жағдайларда қарттарды қамтамасыз ету бойынша штаб құруды сұраймыз. Қарт адамдарға сапалы қолдау көрсету үшін call-орталықтың қызметін ұйымдастыру мен дағдарыс шаралары аясында зейнеткерлерге сапалы қолдау көрсетілгенін қалаймын, - деді Баян Ахметжанова.

Өз кезегінде талқылауға қатысқан қарт белсенділер қала мен елдің қоғамдық өміріне қатысқысы келетінін және қатыса алатындығын байқады. Алпыс бес жастан асқан ерлер мен әйелдерді қоғамдық өмірге тартудың бір нұсқасы - тәлімгерлік немесе халықтық педагогика.

Егер біз жастармен, балалармен бірге болсақ, бұл халықтық тәлімгерлікке жақсы мүмкіндік береді. Бұл балаларды тәрбиелеуге, тіпті волонтерлікті дамытуға да көмектеседі, - деп атап өтті белсенділер.

Онлайн талқылау барысында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жетекшісі Әсия Ақанова қарт адамдарға арналған орталықты құру тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, Алматыда орталық құру кезінде бастапқыда 70 адам келеді деп есептелген. Бүгінде орталыққа 300-ден астам зейнеткер барады.
Қатысушылар қарт адамдарға бір реттік акциялармен ғана емес, сонымен қатар қарттардың өмірлік тәжірибесін және олардың елдегі өмірді жақсартуға деген ынтасын пайдалана отырып, ресурстарды тұрақты негізде пайдалану қажет деген пікірге келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы