Қарағандылықтар Олимпиада даңқ жұлдызының дизайнын таңдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда триатлон паркінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Спорт оъектісі Көгілдір тоғандар мен Оңтүстік-шығыс аудандарының ортасына салып жатыр. Бұл туралы ekaraganda.kz сайты жазды.
Триатлон паркінің серуендеу аллеясында елімізді әлемге танытып, Көкбайрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелетіп жүрген Олимпиада ойындарының жүлдегерлері - 25 спортшының есімі жазылған жұлдыздар орнатылмақ. Қарағандылықтарға екі нұсқада жасалған жұлдыздың ішінен біреуін таңдауға атсалысуларын сұрап отыр.
"Бастапқыда бірнеше нұсқа болған. Біз жұлдыздардың неғұрлым әдемі болып көрінуі үшін әріптерін өзгерттік. Нәтижесінде екі нұсқаны қалдырдық. Жұлдыздар табиғи тастан жасалады. Егер спортшы боксшы болса - қолғап, не болмаса, зілтемірші болса - гірдің тасы дегендей. Бастапқыда жұлдыздарды голливудтық "Даңқ аллеясындағыдай" орналастырмақ болғанбыз. Кейін қиғаштап орнататын болып шештік", - дейді сызбаның авторы, графикалық дизайнер Ахат Исин.