ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрәлиұлы Нысанбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы орман шаруашылығы шебері болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.

2009-2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.

2013 жылғы ақпанда ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған, 2014 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы