Қостанайға бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы – Қостанай рейсін орындайтын FlyArystan авиакомпаниясының ұшағы Алматы әуежайына оралды.

Компанияның баспасөз қызметі түсіндіргендей, Алматы – Қостанай рейсі кезінде дабыл қағылып, ақаулық туралы хабарлама пайда болды. 

Техникалық регламентке сәйкес рейсті жалғастыруға рұқсат етілді, бірақ авиакомпанияның шешімімен әуе кемесі Қостанай әуежайында инженерлік қызмет болмағандықтан ұшу әуежайына қайтарылды, – деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұшақ одан әрі пайдалануға рұқсат етілген. Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылды. Әуе компаниясы сонымен бірге жолаушылар Қостанайға 19.20-да ұшқанын айтты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы