Қазақстандық танкшілер сайыста мәреге бірінші жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу қаласының «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» сайысының жеке жарыс кезеңі жалғасуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
22 минут 16 секунд нәтижесімен отандық танкшілер бірінші болып мәреге жетті. Қашықтықтан өту кезінде танк экипаждарына тек жылдамдықты ғана емес, сондай-ақ зеңбіректен, зениттік және қосарлы оқшашардан ату дәлдігін көрсету маңызды болды. Жақсы нәтиже көрсеткен команда айып шеңберінде қалмайды.«Ауыр машинаны басқару шеберлігін сынау үшін бірқатар кедергілерден өту қажет. Шұңқырлардан, жыралар мен қорғандардан өту танктер сайысын қыздыра түсті. Біздің экипаж бұл кезеңдегі сынақтан сүрінбей өтті. Қазақстандық танкистер жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жылдан жылға биатлонның мықты командаларының бірі ретінде өз шеберліктерін шыңдауда», - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, «Танк биатлоны» сайысы үш кезеңнен тұрады. Екінші кезеңде әр қатысушы елдің үш танк экипажы командалық жұмысты көрсетіп, бір танкпен өзара ауыса отырып өнер көрсетеді. Ал, финалдық кезеңде жүлделі орындарды иемдену үшін үздік танк экипаждарының төрттігі бәсекеге түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы