Қазақстанда көмірді дизель отынына айналдыратын кешен пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда құны 2 6 млрд долларды құрайтын көмірді қайта өңдейтін кәсіпорын пайда болады. Бұл жөнінде Қарағанды облысының әкімдігінде хабарлады. 

Ведомствода мәлімдегендей, кәсіпорын қуаттылығы 500 мың тонна синтетикалық сұйық отынды (дизель отыны) құрайды. 

"Қазіргі уақытта аталған жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар 2019 жылғы сәуір айының соңында аяқталады", - деп түсіндірді әкімдікте. 

Жоба аясында 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Кәсіпорын импортты алмастыруға бейімделетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы