"Жасыл Ел" еңбек маусымының қорытындысы шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда "Жасыл Ел" студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
Биыл "Жасыл Елде" 2000-ға жуық адам жұмыс істеді.
Олар гүлзарлар мен саябақтарды көгалдандыру, аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты, - деді Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев.Оның айтуынша, "Жасыл Ел" қатысушылары осы маусымда 3,5 мың ағаш отырғызған. Табиғатты қорғау бойынша 30-ға жуық іс-шаралар өткізілді. Ең үздік спортшылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
"Жасыл Ел" жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 16-29 жас аралығындағы кез келген адам "Жасыл Ел" жауынгері бола алады.
Оның басты мақсаты - жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты және жастардың белсенділігін дамыту.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраулық Нұрлан Домбаев "Токио-2020" ойындарында бақ сынамақ
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы