Қарағандыда жаңа Сот сарайы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда облыстық соттың жаңа ғимараты салынуда. Жобаны жүзеге асыру екі жыл бұрын басталған, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.


"Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жылдың екінші жартысында құрылыс аяқталуы тиіс. Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов және қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мердігерлермен техникалық жиналыс өткізді. Нысанды аралау кезінде аумақты абаттандыру, кірме жолдарды ұйымдастыру және көлік қою мәселелері талқыланды", - делінген таратылған ақпаратта.

Әділ сот сарайы заманауи талаптарды ескере отырып жобаланған. Бұл әкімшілік, қылмыстық және азаматтық корпустардың үш жеке ғимаратынан тұратын кешен болады. Ғимараттың жалпы ауданы - 13 мың шаршы метр.

Судьяларға заманауи техника, келушілерге қолайлы жағдай жасалады деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нысанның қолжетімділігі қарастырылған. Ұйымдастыру техникасымен жабдықталған заманауи және ыңғайлы күту залы құрылады. Сот процесстерін өткізуге арналған кең залдар бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы