97 мың мемлекеттік қызметкердің 25 пайызы қалай қысқарады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметкерлер саны 25 пайызға қысқарту қалай жүргізілетінін айтты.
Биыл мемлекеттік қызметкерлердің 10% -ын қысқартуымыз керек. Келесі жылы - 15% қысқартылады. Сонымен бірге біздегі бос жұмыс орындарының үлесі 8,5% құрайды. Осыған байланысты биыл қысқарту бос лауазымдар есебінен қамтамасыз етіледі деп ойлаймыз, - деді Жайылғанова.
Оның айтуынша, бос лауазымдар біркелкі бөлінбейтіндігін ескеру тиістігін, сондықтан әр мемлекеттік орган үшін бөлек есептеулер жүргізу керектігін айтты.
Әрбір мемлекеттік орган мұны өздері шешеді. Бүгінде бос жұмыс орындарының жалпы саны шамамен 8 мың бірлікті немесе мемлекеттік аппараттың жалпы санының 8,5% құрайды. Бұдан басқа, жыл сайын жұмыскерлердің зейнеткерлікке шығуы есебінен 1 мыңнан астам бірлік босатылады, сондай-ақ 6 мыңға жуық қызметші жеке секторға және өзге де ұйымдарға ауысады. Осы резервті пайдалану мемлекеттік қызметшілердің нақты қысқаруын барынша азайтуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Осылайша, бұл мемлекеттік қызметшілерді механикалық қысқарту ғана емес, ең алдымен олардың тиімділігін арттыру мақсатында оңтайландыру болады, - дейді Жайылғанова.
Айта кетейік, агенттіктің мәліметінше, елімізде 97 мың мемлекеттік қызметкер бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Чек берілмегенін хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі
Өзгелердің жаңалығы