960 гектар жер Ұлттық банктің пайдасына шешілді

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банктің пайдасына шешіп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңге болды.

Прокуратура Ұлттық банктің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы