95 қызды алдаған 95-жылғы жігіт сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы алаяқтық әрекеттердің 95 эпизодын жасаған 1995 жылы туған павлодарлық ұсталды. Бұл туралы криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Денис Лоскутов мәлім етті.
Ол қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысып, жақындарын, яғни анасын, інісін емдеу үшін ақша қажет болды деген сылтаумен олардан банк карточкаларының нөмірін алған, - дейді Денис Лоскутов. - Оларға онлайн-несие рәсімдеп, өзіне ақша аударған. Ол бес жылға сотталды.
Еске сала кетейік, жедел уәкілдер әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен төрт павлодарлықтың іс-әрекетін тоқтатқан. Олар 2019 жылдан бері қылмыстық іспен айналысқан. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеулер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы - алаяқтық бойынша жүргізілуде. Үш күдікті қамауға алынды. Біреуіне қатысты бұлтартпау шарасы, яғни жол жүрмеу туралы қолхат алынды. Жақын арада сотқа дейінгі істер аяқталып, айыптаушылардың әрқайсысының кінәлілік дәрежесін анықтау үшін сотқа жіберіледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 295 алаяқтық оқиғасы тіркелген. Өткен жылы 196 оқиға тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда алаяқтықтың өсуі себебі - көп эпизодтық істердің ашылуы.