900-ге жуық қандасымыз азаматтық алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі хабарлады.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР-дан, 6,3% – Түркіменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% – басқа елдерден келгендер. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қоныстанды. 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері 21,4%-ды және зейнеткерлер 19,8%-ды құрайды, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір айда 170 млрд теңгенің өнімі өндірілді – АШМ
Өзгелердің жаңалығы