90 секунд өтпей жарылды: Қытайдың зымыран ұшыруы сәтсіз аяқталды
Зымыран Хайнань аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылған. Қытайдың мемлекеттік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, ұшу кезінде зымыранда ақау пайда болып, миссия сәтсіз аяқталған.
Қытайдың Long March 7A зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін шамамен бір жарым минуттан соң апатқа ұшырады. Зымыран орбитаға ChinaSat-4B байланыс серігін шығаруы тиіс болған.
Зымыран Хайнань аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылған. Қытайдың мемлекеттік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, ұшу кезінде зымыранда ақау пайда болып, миссия сәтсіз аяқталған.
Ұшу барысында зымыранда ақау пайда болып, нәтижесінде ұшыру сәтсіз аяқталды. Апаттың нақты себебі жүргізіліп жатқан тергеу барысында анықталады, – делінген ресми хабарламада.
South China Morning Post мәліметінше, ұшырылғаннан кейін 90 секундқа жетпей зымыран жарылып, қою қара түтінге оранған отты шарға айналған. Зымыран да, ChinaSat-4B серігі де Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалған.
ChinaSat-4B серігі әлем бойынша пайдаланушыларға радио, теледидар және басқа да байланыс қызметтерін ұсынуға арналған болатын.
Long March 7A – Қытайдың жаңа буын зымыран-тасығыштарының бірі. Оның алғашқы ұшырылымы 2020 жылғы наурызда сәтсіз аяқталған. Алайда бір жылдан кейін зымыран сәтті ұшырылып, одан кейін бірнеше сәтті миссия жүзеге асырылған.