9 тамызда Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары белгілі болды.
Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 466,01 теңгеден сатып алып, 472,97 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 534 теңге, сату бағамы – 543,99 теңге. Рубль 5,45 теңгеден сатып алынып, 5,65 теңгеден сатылуда.
Алматыда долларды сатып алу бағамы – 468,80 теңге, сату – 470,93 теңге. Еуро 538,42 теңгеден сатып алынып, 543,90 теңгеден сатылып жатыр. Рубльдің сатып алу бағамы – 5,44 теңге, сату бағамы – 5,60 теңге.
Шымкентте долларды 468,46 теңгеден сатып алып, 470,50 теңгеден сатады. Еуроның сатып алу бағамы – 538,67 теңге, сату – 543,33 теңге. Рубль 5,50 теңгеден сатып алынып, 5,57 теңгеден сатылуда.
9 тамыздағы ресми бағам бойынша 1 АҚШ доллары – 469,93 теңге, 1 еуро – 541,64 теңге, 1 рубль – 5,71 теңге.