9 пәтерді заңсыз рәсімдеген лауазымды тұлғалар сот алдында жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа тұрғын үйлердегі мемлекет меншігіне өтуі тиіс пәтерлерді иемденді деген күдікпен Петропавл қаласының лауазымдық тұлғалары сот алдында жауап берді.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бұрын Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Б Өмірсетоваға, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының инспекторы Ж.Есетоваға, сондай-ақ Б.Өмірсетованың жолдасына және Ж.Есетованың бірге тұратын адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысын аяқтады. 

Тергеу барысында, аталған тұлғалардың мәжбүрлеп меншіктен шығарылуы тиіс тұрғын үйлерді иеленгені белгілі болды. Олар жылжымайтын мүлікті үлестес тұлғаларға ресімдей отырып, жаңа үйлердегі 9 тұрғын үйге заңсыз иелік еткен.

Мемлекетке келтірілген шығын 96 млн теңгені құрады. 

Осы жылдың 17 мамырында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының аппеляциалық сотының үкімімен Б.Өмірсетова және Ж.Есетова 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Олардың сыбайластарына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар облыстық соттың шешімен барлығының мүліктері тәркіленді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы